Медициналық маскаларды Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық бетперделерді (маскаларды) Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған жоқ.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медициналық берперделерді (маскаларды) Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынбағанын хабарлайды.
Бүгінгі таңда елімізде медициналық берперделерді бес отандық кәсіпорын өндіреді: "Super-pharm" (Жамбыл облысы), "Dolce" ЖШС (Алматы облысы), "Mega Pharma" ЖШС (Шымкент қаласы), "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қаласы). Аталған кәсіпорынның барлығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ кезінде бір сұрақ үшін мың доллар мен жылқы ұсынған
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы