Қазақстан азаматтарына Түркияға кіруге рұқсат берілді
Алматы, BAQ.KZ. Түркия осы жылдың 20 мамырынан бастап 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы "Анадолу" агенттігі хабарлады.
Коронавирус пандемиясына байланысты Түркия 28 наурыздан бастап барлық халықаралық қатынастарды тоқтақан еді.
Енді Түркияға Қазақстаннан бөлек Ирак, Ливия, Әзірбайжан, Греция, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды сияқты елдердің азматтары кіре алады.
Түркия билігі науқастарға көрсетілетін медициналық көмек тізімін де жариялады. Оның қатарында: ортопедия, травматология, жалпы хирургия, урология, көз ауруы, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, ағзаны ауыстыру сияқты қызметтер бар.
Мәліметте сондай-ақ, коронавирусқа тапсырған тесті теріс болған адамдар ғана шекарадан өте алатыны айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев сел салдарын жою жұмыстарын тексерді
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы