Медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі сақтандырылуы керек – маман

Алматы,  BAQ.KZ  тілшісі. Біз медицина саласында болып жатқан түрлі келеңсіздіктерді бүркемелеп, ешкімнің алдында ақталып кінәлі емес екенімізді дәлелдегіміз келмейді. 

Біз тек осы мәселелерді әлемнің өзге елдеріндегідей өркениетті  жолмен шешілгенін қалаймыз. Бұл туралы "ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университетінің" проректоры Алмагүл Қауышева Алматыда өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында айтты. 

Оның айтуынша, науқастардың тағдыры басты орында, өйткені адам денсаулығы үлкен маңызға ие. Алайда, соңғы кезде медицина қызметкерлеріне қатысты теріс пікірлер көбейіп кеткен. 

Өкінішке қарай біздің мамандықтың абыройы, маңыздылығы қоғам алдында күрт түсіп кетті. Алдағы уақытта әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен бұл мәселелер одан әрі шиеленісе түседі. Өйткені қоғамның медицина қызметінің сапасына деген сұранысы өсе береді әрі талап та жоғарылайды. Біз тек осы мәселелерді әлемнің өзге елдеріндегідей өркениетті  жолмен шешілгенін қалаймыз, - дейді ол. 

Сөз арасында ол медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі сақтандырылуы керек екенін айтып, бізде ол әлі іске аспай жатқанын жеткізді.

Батыс елдерінде ешбір дәрігер сақтандырылмаса науқасқа жоламайды. Денсаулық саласында бірнеше мамандықта дәрігердің жауапкершілігін сақтандыруды қажет етеді, өйткені олар тәуекел аймағына жатады. Атап айтсақ, акушер-гинеколог, анестезиолог, хирург және тағы басқалар. Шетелде осы мамандық иелері бірінші кезекте сақтандырылады. Бұл сақтандыру медициналық қызметкерлердің ақша құюуымен ашылған Қор арқылы жасалады. Егер науқас тарапынан қандайда бір шағым болса осы Қор арқылы шығындар жабылады, - дейді проректор.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға аранлған дөңгелек үстел өтіп жатқанын хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы