Еліміздің 13 аймағында медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің 13 аймағында медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты.
Бүгінгі таңда 211 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған. Яғни, жалпы науқастардың 20,5%-ы – медицина саласының қызметкерлері. Жалпы, республиканың 13 аймағында медициналық қызметкерлер COVID-19 індетін жұқтырған. Аурудың жоғары үлесі - Алматы (37%), Нұр-Сұлтан (34,7%) қалалары мен Солтүстік Қазақстан (34,9%) және Атырау (27,1%) облыстарында байқалады. Вирус жұқтырған 211 адамның 74 жағдайы – профильді стационарларда еңбек ететіндер. Олардың арасында 20 қызметкер Нұр-Сұлтан қаласындағы карантин орталығында, тағы 10 қызметкер - Қарағанды, СҚО, БҚО, Түркістан облыстарындағы провизорлық стационарда, ал Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы инфекциялық ауруханаларда 44 медициналық қызметкер бар, - дейді Бюрабекова.
Жалпы, оның ақпараты бойынша қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 979 науқас бар.
Оның ішінде 110 адам жазылып шықса, 21-нің жағдайы ауыр, 12 адам қайтыс болды. Орташа алғанда, күнделікті өсу 9,9% құрайды. Өткен тәулікте Қазақстан Республикасында 86 адам осы індетті жұқтырды, өсім 9,9%, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 20, Алматыда - 28. Елде 34 236 адам медициналық бақылауда. Күндізгі және стационарлық карантинде жатқан адамдардың саны – 34 236. Оның ішінде пациенттердің 68 пайызы үй карантинінде, - деп қорытындылады cөзін комитет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы