Медицина ұйымдарына сапа менеджменті жүйесі енгізіле бастады
Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында сапа менеджменті жүйесін енгізу медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырды.
Экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарда негізгі мақсаты тұтынушылардың талаптарын үнемі қанағаттандыру қабілетін дәлелдеп отыратын сапа менеджментінің жүйесі (СМЖ) қолданылады. Енгізілген жүйелер бәсекелес орта жағдайында ұйымның беделі мен абыройын арттыруға, даму және жетілдіру базасын құруға мүмкіндік жасайды. Соңғы жылдары сапа менеджментінің жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарында да енгізіліп жатыр. Бұл дағдарыс кезінде жұмысты оңтайландыруға, пациенттер тарапынан сенім мен бейілділікті арттыруға ықпал етеді.
Осыған байланысты, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ сапа менеджменті және қауіптерді басқару бөлімінің басшысы Гүлмира Әбдікәрімова сапа менеджментінің жүйесін енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Біздің институтта СМЖ енгізу бойынша жұмыстарға кірісе отырып, біз жетекші медициналық ұйымдардың тәжірибесіне талдау жасадық, басылымдарды зерттедік, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстық. Нәтижесінде алынған білімдерді жинақтап, процесті бастай алатын команда құрылды. Клиника басшылығының бастамасымен оның міндеттері мен пайымы анықталды, негізгі мақсаттары белгіленді, бұдан әрі клиника персоналына СМЖ қағидалары мен ережелері оқытыла отырып, сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу үшін жауапты тұлғалар тағайындалды, - дейді ол.
Оның айтуынша, процестердің әзірленген үлгісі келесідей: Басқару процесі – басшылықтың сапа менеджменті жүйесіне талдау жүргізуі, стратегиялық дамуы мен қаржыларды басқаруы болып табылады. Негізгісі – көрсетілетін медициналық көмектің үдерістерін басқару.
Қамтамасыз ететін үдерістер – персоналды, инфрақұрылымды, өндірістік ортаны, сатып алу мен шарттық жүйені, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз етуді басқару. Тәуекел-менеджментінің элементі ретінде сәйкессіздікті басқару үдерісі маңызды орынды алады.
Сапаны тұрақты қамтамасыз ету үшін осал жерлерді анықтауға және оларды уақытылы жоюға мүмкіндік беретін әрекеттерді түзететін және ескертетін ішкі аудит процедурасы ұйымдастырылған. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттануды бағалау мақсатында пациенттер арасында сауалнама жүргізіледі, олардың, жақындарының арыздарын комиссиямен талдау жұмыстары жүргізіледі. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзету жұмыстары жасалады.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға негізделген медицина ұйымын басқарудың осындай құралын енгізу стационардағы негізгі процестерді жетілдіру; проблемалық мәселелерді анықтау, олардың туындау себептерін талдау, оларды процестің басқа қатысушылармен бірлесе отырып шешу; персоналды қызметкерлердің мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдай жасау жолымен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру қызметіне тарту, үнемі оқыту, орындалған жұмыстардың сапасын бағалау критерийлерін енгізу; ұжымдық позитивтік ойлауды және жоғары ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді, - делінген хабарламада.