Медицина саласының үздік мамандары марапатталды

Астанадағы Денсаулық сақтау министрлігінің 17 номинация бойынша «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың қатарында әртүрлі бейіндегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтар, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар бар:

• «Стационардың үздік дәрігері» - Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);

• «Үздік жедел жәрдем дәрігері» - Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);

• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» - Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);

• «Үздік ауылдық дәрігер» - Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);

• «Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» - Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);

• «Үздік акушер» - Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (БҚО);

• «Стационардың үздік мейіргері» - Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы обл.);

• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» - Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола обл.);

• «Үздік ауылдық мейіргері» - Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);

• «Үздік фельдшер» - Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе обл.);

• «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» - Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КеАҚ);

• «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» - Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);

• «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» - Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С. Ж. Асфендияров атындағы « ҚазҰМУ» КеАҚ.);

• «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» - Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (СҚО);

• «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» - Пивоваров Евгений Иванович (ШҚО);

• «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» - Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қ.);

• «Үздік провизор» - Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыс етті.

Конкурс жеңімпаздары 500 АЕК мөлшерінде көтермелеу төлемдерін алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы