8 Сәуір 2020, 15:10
Медицина қызметкерлерінің үстемеақылары аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылар тиісті ауруханаларға аударылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылар тиісті ауруханаларға аударылды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел президентінің тапсырмасы бойынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін ауруханаларға ақша аударды. Өңірлерде әрбір қызметкердің жұмысқа араласу дәрежесі мен төлем сомасын анықтайтын комиссиялар құрылды.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында барлық қауіптілік топтары, төлем мөлшерлері және тізімдерді жасау тәртібі белгіленген. Жалпы алғанда, 30 мыңнан астам медицина қызметкері қосымша төлемдер алады, - делінген министрдің хабарламасында.
- Әдебиет пен кітап оқу цифрлық технологиялары жобаларына 50 млн теңге грант бөлінеді 12.11.2026
- Жеңіс Қасымбек Қосшы бағытындағы LRT-ның іске қосылатын уақытын айтты 12.11.2026
- Тікелей эфирдегі әдепсіздік: астаналық азамат 7 күнге қамалды 12.11.2026
- Көктайғақ пен тұман, жел. Жұма күні 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды 12.11.2026
- Астанада екі автобус соқтығысып қалды 12.11.2026
- Түркістан – Павлодар пойызының жолсерігі қамауға алынды 12.11.2026
- «Арандатушылық пиғылдардың жүзеге асу ықтималдығы бар»: Жапаров Қырғызстан халқына үндеу жасады 12.11.2026