Елімізде медицина қызметкерлерінің 88%-ы өтемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.

2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша коронавирус және пневмониямен ауырған 12 830 медицина қызметкері тіркелді. Оның ішінде 8 339 жағдай кәсіби қызметпен байланысты. Өңірлік комиссиялар 8 320 жағдайды тексеріп, оның 67%-ын растады. Жалпы, бүгінгі күні медицина қызметкерлерінің 88%-ы немесе расталған жағдайлардың жалпы санының 3 454-і коронавирус ауруы бойынша өтемақы алды, - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ министр пандемия басталғалы бері Қазақстан 182 медицина қызметкерінен айырылғанын атап өтті.

Өңірлік комиссиялар бүгінде өтемақы алу үшін қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан келіп түскен 58 өтінішті мақұлдады. Қазіргі уақытта 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - деді ол.

Бұған дейін Цой 5 қазаннан бастап елде қандай шектеулер қойылатынын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы