Медицина мекемелеріне 1 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімшілік орталығының медицина мекемелеріне 1 млрд астам теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"СК Фармация" ЖШС Атыраудың медицина мекемелеріне бұған дейін 345 млн теңгеге жіберілген дәрі-дәрмектерге тағы да қосымша 876 млн теңгеге түрлі дәрі-дәрмектер жіберді.
Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған адамдарды рецепт бойынша дәрімен амбулаториялық қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелерге жеткізілді. Емделушілер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін кепілдендірілген медициналық көлемі аясында берілді, — делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Біз біргеміз" әні түрік тілінде шырқалды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы