Маңғыстауға БАӘ-ден медициналық жабдықтар әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың БАӘ басшыларымен жүргізген келіссөзі нәтижесінде аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілді.
7,5 мың тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды.
Келген көмектің ішінде 25 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 95 мың дана бетперде, 100 мың дана антителан анықтайтын тест, 250 мың дана медициналық қолғап, 15 мың қорғаныш халаты және 6 мың дана қорғаныш жапқышы (накидка) бар.
Бұл медициналық жабдықтар Маңғыстау облысындағы барлық қала мен аудандардағы медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі.
Атап айтқанда:
Ақтауға 10 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 26 мың бетперде, 90 мың қолғап, 4 мың қорғаныш халаты, 2 мың қорғаныш жапқышы (накидка);
Жаңаөзенге 5 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 21 мың бетперде, 60 мың қолғап, 3 мың қорғаныш халаты, 1 мың қорғаныш жапқышы (накидка);
Бейнеуге 2 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 9400 бетперде, 20 мың қолғап, 1600 қорғаныш халаты, 600 қорғаныш жапқышы (накидка);
Түпқараған ауданына 2 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 5400 бетперде, 20 мың қолғап, 1600 қорғаныш халаты, 600 мың қорғаныш жапқышы (накидка);
Мұнайл ауданына 2 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 22400 бетперде, 20 мың қолғап, 1600 қорғаныш халаты, 1600 қорғаныш жапқышы (накидка);
Маңғыстау ауданына 2 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 5400 бетперде, 20 мың қолғап, 1600 қорғаныш халаты, 600 қорғаныш жапқышы (накидка);
Қарақия ауданына 2 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 9400 бетперде, 20 мың қолғап, 1600 қорғаныш халаты, 1 мың қорғаныш жапқышы (накидка);
Гуманитарлық көмектің дұрыс бөлініп, мақсатты жұмсалуын әр қала мен аудандарда арнайы құрылған комиссия қадағалайды. Комиссия құрамына жергілікті депутаттар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган өкілдері енеді.
Маңғыстау өңірінің басшысы көмек қолын созған Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Абу Даби билеуші әулетінің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға алғысын білдірді.