Медициналық туризм орталығының біріне айналады. Цой СҚО-дағы көпбейінді аурухана туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Министрлік СҚО әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша Петропавл қаласында көпбейінді аурухананың салынуын жүзеге асыру басталды. Аталған жоба республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Ол Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 кешенді жоспарына қосылған, - деді ол.
Цойдың айтуынша, көпбейінді аурухананың құрылысы ерте диагностика жасап, емдеу шараларын тиімді ете түседі.
Ана мен бала өлімін төмендетіп, жұмыссыздық деңгейін азайтып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Аурухана қазіргі заманғы технологиялар шешімін қолдану арқылы жобаланған. Ақпараттық жүйе мен техникамен толық қамтамасыз етіледі. Аталған нысан Қазақстандағы медициналық туризм орталығының біріне айналады. Жоғары технологиялық медициналық қызметті білікті мамандар ұсынатын болады. Сондай-ақ аудандық және қалалық ауруханаларды техникамен қамтамасыз ету республикалық бюджет аясында жүзеге асырылады, - деді Цой.
Министр медициналық қондырғылардың паркін жаңарту бойынша жұмыс жалғасатынын айтты.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін осы шаралар қарастырылған. Бұл мақсаттарға бюджеттен 12 млрд теңге бөлу қарастырылған. 2022-2025 жылдары бұл қаржыға 140 техника сатып алынады, - деді Цой.
Цой СҚО әкімдігі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша аймақта 47 медициналық нысан салуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы