Медициналық оңалту мүмкіндігінше ерте басталуы тиіс – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінде Алматы қаласы мен еліміздің өңірлеріндегі тұрғындарға қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтумен мамандандырылған кардиологиялық және терапевтік медициналық көмек көрсетіледі.

Институттың басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекованың айтуынша, Қазақстанның барлық облысының тұрғындары бөлімшеде оңалту көмегін ала алады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау мен Түркістан облыстарынан келетін науқастар.

Клиниканың бірінші басшысы айтып өткендей, жүргізілетін кардиологиялық оңалту ауыр кардиологиялық сырқатқа (миокард инфаргі, жіті коронарлық синдром, эндоваскулярлық араласулар, коронарлық шунттау және жүрек, оның қақпақшалары мен тамырларына жасалған басқа хирургиялық араласулар) шалдыққан пациентке көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешенінен тұрады.

Кардиологиялық оңалтуға емдік дене шынықтыру, мөлшерленген жаяу жүріс, велотренажерда жаттығу, темекі шегуден бас тарту, липидтердің салмағы мен деңгейін қалпына келтіру, сондай-ақ кардиоваскулярлық патологияның қауіп факторларын азайтуға мүмкіндік беретін психологиялық қолдау кіреді.

Ағылшын дәрігері Уильям Геберден, 200 жылдан астам уақыт бұрын жарты жыл бойы күн сайын кемінде 30 мин ағаш кесуді ұсынып, кеудесінде ауыру сезімі бар науқастың жағдайының жақсарғанын бақылаған екен. Расында, күніне жасалған тек жарты сағат дене қимылының белсенділігі инфаркт қаупін, II типті диабетті, гипертонияны азайтуға, дене салмағын, ұйқыны қалыпқа келтіруге, емделуге жатқызған кезде оңалту мен сауығу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Кардиологиялық оңалтуда денсаулықты сақтау, қалпына келтіру, дене қимылының белсенділігі, еңбекке жарамдылық, әлеуметтік белсенділік; физикалық белсенділігінің кеңеюін ескере отырып, жүрек-қантамыр патологиясының асқынуы мен өршуінің алдын алуға арналған дәрі-дәрмектік терапияны оңтайландыру, аурудың салдарын жою үшін науқастың психологиялық жағдайын реттеу секілді аспектілер өте маңызды,- дейді Роза Қуанышбекова. 

Кардиологиялық оңалтудағы маңызды фактор институтта құрылған Пациент мектебіне пациенттің қатысуы. Денсаулық мектептерінде тек қана білім алмайды, сонымен қатар адам өміріне қауіпті аурулардың дамуына әсер ететін қауіп факторларынан арылу әдістеріне оқытады. Пациенттерде емдеу, тұрмыста және жұмыста дұрыс мінез-құлық көрсету мәселелеріне оң көзқарас қалыптасады.

Медициналық оңалту мүмкіндігінше ерте басталуы тиіс. Оңалту іс-шаралары стационарлық кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде іске асырылады.

Денсаулықты, жұмысқа қабілеттілікті жақсарту, аурудың асқынуының алдын алу, пациенттерді қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайына біріктіру бойынша жұмыстар өзінің әсерін береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы