Медициналық консультацияны қашықтан берудің артықшылығы мен кемшілігі

Алматы, BAQ.KZ. Еурокомиссия басшылығының желілер мен технологиялар бойынша жүргізген зерттеулеріне сәйкес Еуропалық Одақ халқының 46%-ға жуығы қажетті ақпаратты іздеу, сондай-ақ өзінің денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап алуға дәрігерге барғанға дейін және одан кейін ғаламторға сүйенген. 

Рамблер пайдаланушылардың 37%-ы ғаламторда дәрігердің ұсынымдарын үнемі тексеретіндігін, сонымен қатар пайдаланушылардың 33%-ы егер дәрігердің ұсынымдары күмән тудырса оны интернетте тағы бір рет тексеріп шығатындарын жазады.

Бүгінде пациенттер сауатты және ізденімпаз, себебі кез келген медициналық ақпаратқа қолжетімділіктің жылдамдығы бірнеше есеге өсті. Пациент-дәрігер қашықтықтан консультация беру (телемедицина) уақыты келді, – дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, м.ғ.д., жоғары санатты дәрігер Қуат Абзалиев.
Қашықтан өзара әрекет ету 3 санатқа бөлінеді: дәрігерге барғанға дейін, дәрігерге барғаннан кейін және дәрігерге барудың орнына. Дәрігерге барғанға дейін – бұл өз денсаулығы туралы ақпарат іздеу, таныс дәрігерлерден консультация алу, ғаламторда «үздік дәрігер» іздеу, оған жазылу. Дәрігерге барғаннан кейін: дәрігердің қойған диагнозы мен тағайындамалары туралы ақпаратты тексеру, өз денсаулығы туралы «жеке» ақпаратты алу, емдеуші дәрігерден қашықтықтан ұсынымдар алу, пациентті қашықтықтан бақылау және емдеуді бақылау, «екінші сараптама қорытындысын» алу. Дәрігерге барудың орнына – бұл дәрігерге қашықтықтан бару, яғни телемедицина арқылы дәрігерге виртуалдық бару. Қалғаны – пациенттің денсаулық сақтау жүйесімен қашықтықтан өзара әрекеттесуі.

Қашықтықтан консультация берудің артықшылығы:

Бұл жеңілдік. Әр пациент асықпай, өз патологиясы бойынша барлық қажетті медициналық құжаттамаларды жинап, өзін қанағаттандыратын жан-жақты жауап алу үшін оларды электрондық почта немесе ұялы байланыс арқылы маманға жібере алады.

Көпміндеттілік. Пациент өзінің құжаттары мен сұрақтарын бір мезгілде бірнеше дәрігерге жіберіп және өз денсаулығы туралы жалпы пікірді жинай алады. Коморбидтік күйде болуына байланысты құжаттарды түрлі мамандарға жібере алады.

Ұтқырлық пен қолжетімділік. Үйде немесе кез келген басқа жерде бола тұра, пациент маманның алдын ала немесе қорытынды консультациясын алу үшін құжаттарды жібере алады.

Қашықтықтан консультация алу ұтымды. Тек қана консультацияның құнын төлей отырып, пациент уақытын кезекте тұруға, консультацияны күтуге жұмсамайды, жолға шығынданбайды. Басқа өңірден келетін болса пәтер немесе қонақ үй жалдауды қажет етпейді.

Оның үстіне пандемияға байланысты қауіпсіз де. Тіркеу орнында, зерттеуге кезекте тұрғанда, дәрігердің кабинетінде басқа науқастармен байланыстар болмайды. Коронавирусты немесе басқа инфекцияны жұқтыру қаупі төмендейді.

Кез келген дәрігер үшін қабылдау уақыты қысқарады. Дәрігер үшін пациент жіберген медициналық ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік туады. Себебі кез келген талдауда медициналық құжаттар шешуші орын алады. Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе мен цифрландыру емханалардағы дәрігерге кезекке тұрудың мәселелері мен басқа да көптеген мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді.

Әрине, қашықтықтан консультация берудің белгілі бір кемшіліктері де жоқ емес. Бұл – пациенттің дәрігермен бетпе-бет сөйлесе алмауы. Психологиялық профилактика, эмоционалдық жағынан тұрақтандырудан тұратын эмоционалдық құрамы болмайды. Оның үстіне, қарап тексеру кезінде пациентте белгілі бір күмәнді алып тастайды (оның қан қысымы өлшенеді, өкпесі тыңдалады және т.б.). Оған ағзасында осындай симптомдар немесе өзгерістердің қайдан пайда болғаны түсіндіріледі. Сонымен қатар, медицина мамандары, әсіресе жас мамандар үшін пациенттермен бетпе-бет қарым-қатынас жасамау кәсіби жағынан өсуіне мүмкіндік бермейді немесе оның кәсіби өсуі төмендейді, – дейді Қуат Баяндыұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы