Медицина қызметкерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіби мереке қарсаңында КІАҒЗИ бірқатар қызметкері денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

Медицина қызметкерінің күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бірқатар қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды. Медицина қызметкерлеріне төзімділік пен жанашырлық білдіріп адам өміріне араша болып, талай ұйқысыз өткізген түндері үшін алғыс айтылды.

Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен: кардиолог дәрігер Сұлтанов Ғалымжан және  аға мейіргер Сарманшаева Бахтыгүл марапатталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі рентгенхирург дәрігер Паримбеков Асылханға берілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен  анестезист мейіргер Құспанова Эльмира, аға фельшер зертханашы Сакиева Венера, терапия бөлімшесінің палата мейіргері Алмақанова Айбостан және кардиохирургия бөлімшесінің мейіргері Садыхан Марғұлан марапатталды. Кардиолог дәрігер Белоносова Ирина, палата мейіргерлері Кубенова Айгүл және  Ермағанбетова Индира, сондай-ақ санитар Боранчаева Айман Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды, - деп хабарлады КІАҒЗИ.

Сөз алғандар дәрігерлер ұжымда нағыз өз ісінің шеберлері жұмыс істейтіндігін, солардың шипалы қолдарының арқасында өмірден күдерін үзген науқас адамдар аман-есен жарық дүниеге қайта оралғанын айтты. 

Институттың кардиохирургтар командасы, оның ішінде Ғалымжан Берікұлы Сұлтанов жүрекке ең күрделі операциялар жасайды. Мысалы, 2020 жылдан бастап кардиохирургия бөлімшесінде жүрек қақпақшасының кемістігі немесе жүректің ишемиялық ауруы бар жүрек ырғағының бұзылысын емдеу үшін бір сәтте ашық жүрекке криоабляция жасалады. Осы технология бойынша орталық Қазақстанда бірегей болып есептеледі, - делінген ақпаратта.

Мейіргерлердің жұмысы әрқашан сұранысқа ие, ол кез келген медицина ұйымында өте қажет маман. Мейіргердің мамандығы адалдық пен шыдамдылықты талап етеді.  Осындай мамандардың қатарында аға мейіргер Сарманшаева Бахтыгүл, анестезист мейіргер Құспанова Эльмира, аға фельдшер зертханашы Сакиева Венера, палата мейіргерлері Алмақанова Айбостан, Кубенова Айгүл және Ермағанбетова Индира, сондай-ақ кардиохирургия бөлімшесінің мейіргері Садыхан Марғұлан бар.

Медицина қызметкерінің күнінде дәрігерлер мен мейіргерлердің көмекшісі санитарлардың еңбегі де аталып өтіледі. Кез келген медицина ұйымы санитардың еңбегінсіз дұрыс жұмыс жасай алмайды, өйткені санитардың еңбегі медицина персоналының дұрыс жұмыс істеуіне көмек беруге бағытталған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы