Медиа саладағы жылдың негізгі қорытындылары жарияланды

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат саласындағы жыл қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр отандық ақпараттық кеңістікті дамыту, цифрландыру үдерістері мен журналистиканың сапасын арттыру бағытындағы негізгі нәтижелерді атап өтті.

2025 жылы Euronews аймақтық өкілдігінің жұмысы аясында телеарналарда авторлық жобалар жарияланды. Қазақстанның мәдениеті, тарихы, табиғаты мен дәстүрлері туралы 20 шығарылым, экономика, инвестициялар және Еуропамен ынтымақтастық туралы 10 іскерлік бағдарлама, қызықты адамдардың – академиктер, хирургтер, музыканттар, спортшылар, актерлер, балериналар, археологтар және ұшқыштар туралы 10 шығарылым, сондай-ақ маңызды оқиғаларға арналған 5 бағдарлама жарық көрді, - деді Аида Балаева. 

Сондай-ақ саланы қолдауға бағытталған бастамалар мен алдағы кезеңге жоспарланған басым міндеттерге тоқталды. 

Сонымен қатар, оңтайландыруды ескере отырып, қиын, бірақ қажет шешімдер қабылданды. «Ел арна» телеарнасының хабар таратуы тоқтатылды, «Қазконтент» АҚ құрылымы жаңа медиаға басымдық беру мақсатында қайта қаралды, Ruh.kz және Baigenews.kz ресурстарының қызметі аяқталып, күш-жігер креативті контентке әлеуметтік желілерде қайта бөлінді. Мерзімді басылымдарға қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақ газеттері» ЖШС құрылымы қайта қаралып, екі ірі республикалық газет – «Egemen Qazaqstan» және «Қазақстанская правда» тәуелсіз брендтерге шығарылмақ. Бұл шешім еліміз үшін маңызды газеттердің әлеуетін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы коммуникацияны нығайтуға ықпал етеді, - дейді министр.

Оның айтуынша, 2025 жылы өткізілген Astana Media Week және II Орталық Азия медиафорумы да өңірдегі кәсіби диалог үшін негізгі алаңдарға айналды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы