Медиа форум. Орталық Азиядағы ой-талқы

Екі күн бойы медиа саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салған бірінші Орталық Азия медиа форумы аяқталды.Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің жеке әлеуметтік парақшасында жазды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңізге мәлім, аталған форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша қолдау көрсетіп, арнайы құттықтау жіберді. Сонымен бірге іс-шараның қадірлі қонақтарын арнайы қабылдап, ризашылығын білдірді.Орталық Азияның медиа саласындағы ынтымақтастығын нығайту қашанда өз маңызын жоғалтпасы анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шолпан-Атадағы Орталық Азия аумағына ортақ ақпараттық кеңістік құру жайлы бастамасы жиынның негізгі тақырыбы болды. Мәртебелі меймандар аймақтағы медиа саласының даму тенденциялары мен перспективаларын, жалпы ақпарат саласындағы жаhандық жағдайларды талқыға салды.Саланың өзекті мәселелерін мейілінше кеңінен қамтуға тырысқан түрлі тақырыптағы сессияларда тұщымды пікірлер мен толымды ойлар айтылды,- дейді ол.

Ол сондай-ақ медиа саласының өкілдерімен бірлесе атқарар алдағы жұмыстарды пысықтап, маңызды келісімдер жасағанын айтып өтті.

Бұл келісімдер еліміздегі медиа нарықтың дамуына өз әсерін тигізеді деген сенімдеміз. Пост-шындық дәуірінде шындығымызды жоғалтып алмай, құбылған заманда құбыламыздан жаңылмас үшін өңіріміздегі маңызды мәселелер мен өзекті сауалдарға бірлесе жауап іздеген жөн,- дейді  Дархан Қыдырәлі.

Бұл жиын алдағы уақытта да тұрақты түрде өтіп тұрады деген үміттеміз.

Кеше Пулитцер сыйлығының лауреаты Лю Хен Шинг біздің журналистерімізге мастер-класс өткізіп, өз тәжірибесін бөлісті.
Болашақта біздің де журналистеріміздің арасынан Пулитцер сыйлығының иегері шығарына сенеміз.Іс-шараға арнайы келіп, баяндама жасаған қадірлі қонақтарымызға - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлына, (Karin Erlan), ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Ғалымқызына (Aida Balayeva) және ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Сейдірұлына (Altay Kulginov) ризашылық білдіреміз.  Барша әріптестерімізге алғыс айтамын!, - деді ол сөз соңында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Автордың жеке парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы