Медеудегі өрттен өрт сөндіруші қаза тапты
Өрт сөндіруші Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт түнгі сағат екілер шамасында Алматы шағын орман шаруашылығы учаскелерінің бірінде басталған. Оқиға орнында «Іле Алатау» МҰТП қызметкерлерінен 27 адам және Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сондай-ақ, бес техника жұмылдырылған.
Таңертең «Қазавиакөлік» экипажы Ми-171 тікұшағындағы өртті су төгетін құрылғымен сөндіруге кіріскен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады
Өзгелердің жаңалығы