Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды

Медеу шатқалында көрнекті қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің мүсіні салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туынды авторы Нұрлан Далбай. Ол Анатолий Букреевті құзға шығар алдындағы сәл демалып тұрған кейпін бейнелеген. Қолында мұз шапқыш бар. Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының қолдауымен орнатылды. 

Бұл қор қаржыландырған қаладағы үшінші мүсін. Меценаттың ойынша, мегаполисте көрнекті алматылықтардың мүсіндер сериясы пайда болуға тиіс. Анатолий Букреев туралы #фактілер, биік тауларға шығатын альпинист, «Қар барысы» атағының иегері. 

Оның Эверестке шығуы Голливудтың «Эверест» фильміне арқау болды. Ол американдық альпинизм клубының ең жоғары наградасы – Дэвид Соулс медалінің иегері. Биыл 16 қаңтарда Букреев 65 жасқа толар еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы