31 Қазан 2024 2024, 20:39 Фото: dss-almaty.kz

«Медеу» мұз айдынының жаңа маусымы қашан ашылады?

"Медеуде" жаңа жаппай сырғанау маусымы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Медеуде" жаңа жаппай сырғанау маусымы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматыда 1 қарашада «Медеу» мұз айдыны техникалық режимде іске қосылады, оған барлық тілек білдірушілер сеанс кестесіне сәйкес бара алады.

2 қарашада «Медеу» биік таулы мұз айдынында жаппай сырғанаудың жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтеді. Салтанатты ашылу бағдарламасы сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін жалғасады, - делінген хабарламада. 

Келушілер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қарастырылған. Кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін қонақтар конкурстарға қатысып, кешті жүргізуші мен диджейдің сыйлықтарын алады және дискотекаға қатысады.