Medeu Eco Park: Алматыда жаңа демалыс аймағы құрылмақ

Алматыда «Medeu Eco Park» атты бірегей демалыс аймағын құру ұсынылды. Жобаның авторлары аталған бастаманы талқылап, БАҚ өкілдеріне таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Almaty.tv арнасының мәліметі бойынша, жаңа демалыс аймағында отбасылық тынығу орындарымен қатар, қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы көлік торабы да қарастырылады. Мұндай жүйе бұған дейін Токио, Мәскеу, Париж сияқты ірі мегаполистерде енгізіліп, өзінің тиімділігін дәлелдеген.

Талдау жасадық. Шетелдердегі барлық саябақтарды қарап шықтық Қазақстанға сай, сұраныстарға лайықты келетін тың шешім жобаны дүниеге әкелді, – деді жоба авторы Айдана Мұратжанова.

Жоба авторларының айтуынша, «Medeu Eco Park»-те отбасылық демалысқа қажетті барлық жағдай жасалмақ. Фуд-корт, балаларға арналған білім беру орталығы, спорт нысандары мен түрлі павильондар да жоспарда бар. Қазіргі таңда саябақ салынар орын заңсыз қоқыс төгілген бос аумақ.

Айта кетейік, қазір жобаға 10-ға жуық адам, оның ішінде 5 сәулетшімен қатар ботаника, көлік және ландшафт жөніндегі кеңесшілер қатысып жатыр.

Бұл – алғашқы баспасөз мәслихаты. Халыққа бірінші таныстырыа жатырмыз. Сондықтан бізге сарапшылардың пікірін тыңдау пайдалы болар еді. Әзірге тек тұжырымдама және бастама түрінде ұсындық, егер ол қолдау тапса, егжей-тегжейлі жобалауды бастаймыз, – деді «Medeu Eco Park» жетекшісі Теміржан Мейрамбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы