ҚМДБ ауруханаға медициналық құралдар жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған 30 игі іс-шара және «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Нұра ауданы ауруханасына қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз.

Сауапты шара Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы және аймақтағы жомарт жандарының атсалысуы арқылы іске асты. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады, оны мезгілсіз өлімнен сақтайды, күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады», – деген болатын. Облыстағы індетке шалдыққан науқас жандарға көмек беру мақсатында аталған ауруханға 20 арнайы оттегі жастықшасы, 10 пульсоксиметр, 10 термометр, сондай-ақ басқа да қажетті медициналық құрал-жабдықтар жеткізілді.

Нұра ауданында өткен қайырымдылық шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және «Зекет» қорының Қарағанды облысындағы өкілі Мұхит Жаримбетов қатысып, берекелі істің жүзеге асуына атсалысты. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жандарға аурухана қызметкерлері шексіз алғысын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы