McDonald's жыры. Қазақстан нарығы шектеулі - Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде McDonald's компаниясының жұмысы не себепті тоқтап қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Компанияның еліміздің кетуі елдегі инвестициялық ахуал немесе басқа да жағдайлармен байланысты емес. Бұл тікелей McDonald's компаниясының Ресейден кетуімен байланысты. Өнімнің шикізаты Ресейде қамтамасыз етіліп келді. Тағы бір себеп - McDonald's-дың өнімдерге қоятын жоғары талаптары. Өніммен қамту үшін жеткізушінің бірқатар сертификаты болуы керек. Бұл жерде өнімнің сапасы да маңызды. Компания талаптарын орындау үшін ауқымды инвестиция керек. Қазақстанның нарығы шектеулі, сондықтан мұндай ауқымды инвестиция қысқа мерзімде қайтарылмайды, - деді Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, 5 қаңтарда McDonald's еліміздегі қызметін ресми тоқтатқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/mcdonalds.kaz
Өзгелердің жаңалығы