Мбаппе жарақатына байланысты Испания суперкубогына қатыспайды

Испанияның "Реал" клубының футболшысы Килиан Мбаппе тізе байламдарының жарақатына байланысты кемінде үш апта алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ L’Equipe газетіне сілтеме жасап.

Франциялық шабуылшы Испания Суперкубогына қатыспайды. Аталған турнир матчтары 7–11 қаңтар аралығында Сауд Арабиясында өтеді.

Килиан Мбаппе – 27 жаста. Ол 2024 жылғы 3 маусымда "Реалмен" еркін агент ретінде келісімшартқа қол қойған. 2018–2024 жылдар аралығында ПСЖ сапында өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/realmadrid
Өзгелердің жаңалығы