Мәжілістен бір депутат өз еркімен кетті
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Андрей Линник өз еркімен депутаттықтан кетті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Парламент Мәжілісінің депутаты Андрей Линник міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Андрей Линниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Андрей Линник 2021 жылғы қаңтардан бастап VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі.
Еңбек өтілі:
Жеке кәсіпкер (1993-2003);
«Алмалыбақ» ӘКК төрағасының орынбасары, Алматы қ. (2004-2009);
«Газпром нефть-Казахстан» ЖШС директорының орынбасары, Алматы қ. (2009-2012);
«Форпост - инвестиции и развитие» ЖШС Бас директорының орынбасары, Астана қ. (2012-2014);
«Форпост - инвестиции и развитие» ЖШС Бас директоры, Астана қ. (2014-2018);
«ASPARA MUNAY» ЖШС Бас директоры, Алматы қ. (2018-2021)
Сайланбалы қызметтері, депутаттық:
«Ақ Жол» ДП ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (05.02.2016, 04.12.2020),
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (14.01.2021-07.09.2022)