Мәжілістегі Тәкиевтің орнына жаңа төраға сайланды

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Татьяна Савельева сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет төрағасы ретінде депутат Савельеваның кандидатурасы ұсынылды.

Депутаттар осы мәселеге қатысты қаулыға дауыс беріп, нәтижесінде Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Татьяна Савельева сайланды.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев Президенттің Жарлығымен Қаржы министрі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы