Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, құрылыс саласы – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салаларының бірі. Бұл сектор Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 6 пайызын құрайды және өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда шешуші рөл атқарады.

Соңғы 15 жылда құрылыс саласы орта есеппен жылына 7 пайыздық өсімді көрсетіп келеді. Бұл тұрақты даму қарқыны жаңа талаптар мен заманауи реттеу тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алайда, ширек ғасыр бойы қолданыста болған құрылысқа қатысты заңнама осы уақыт аралығында 130-дан астам рет өзгертілген. Соның салдарынан құқықтық реттеудің бірізділігі төмендеген, - деді министр Мәжілісте.

Нағаспаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Құрылыс кодексін қабылдау – уақыт талабы екенін айтты.

Жаңа Кодекс жобасы қазіргі заман талаптарына сай әзірленіп, саланың тұрақты әрі сапалы дамуына құқықтық негіз болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы