Мәжілісте жаңа депутат ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Ғани Хамзин Қазақстан халқы алдында ант берді.
Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелген болатын. Осыған байланысты Конституциямыздың 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді, - деді палата спикері Нұрлан Нығматулин.
Жаңа депутат Конституцияға сәйкес ел халқы алдында ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін,- деді Ғани Хамзин.
Өз кезегінде Нығматулин Хамзинді депутаттық корпус атынан құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 7 ауыл тұрғындары 100% екпе салдырған
Өзгелердің жаңалығы