Мәжілісте ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Е. С. Дауылбаевтың өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Ерлан Сламханұлы Дауылбаев Парламент Мәжілісінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы 6) тармағы 1-тармақшасына сәйкес ОСК-ның мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда өз міндеттерін атқарудан босатылады, - деп айтты заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Комитет Мәжілісте Ерлан Сламханұлы Дауылбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынды.

Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы