Мәжілісте мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың болғаны өте маңызды – Сайыров

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының экс-депутаты Ерлан Сайыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламентте пікірлер әралуандығы керек. Еліміздің барлық саяси палитрасы болғаны абзал. Дегенмен Мәжілісте мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың (азаматшалар) болғаны өте маңызды. Басқа тілдерге ешқандай қарсылық жоқ, - деді ол.

Ол Мемлекеттік тілді игеріп, өз ойыңды жеткізе білу, Қазақстан Республикасының саяси кемелденуінің үлгі-өнегесі дегенді айтты.

Екі-үш тілді меңгеру мына жаһандану әлемінде тарих толқынында болудың басты әдісі. Бұл түсінікті мәселе және заманауй қажеттілік. Бірақ, Қазақстан Парламентінде ана тілімізде сөйлеп, қазақ тілінде мәселе көтеру мемлекеттік басты символ. Германияда неміс тілін, Францияда француз тілін игермей Парламентте отыруды елестете аласыз ба? Мемлекеттік тілді игеріп, өз ойыңды жеткізе білу, Қазақстан Республикасының саяси кемелденуінің үлгі- өнегесі, - деді Сайыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы