Мәжілісмендермен кездесуде Абай облысының өзекті мәселелері қаузалды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдымен, әлбетте, өңір жұртшылығын да, халық қалаулыларының өздерін де мазалайтын мәселе – жолдардың жағдайы. Мәжілісмен мен Amanat партиясы Семей филиалының активінің кездесуінде тарихи ғимараттарды сақтау, алаяқтармен күресу, өндіріс орындарын мамандармен қамту проблемалары айтылды.
Бүгін Мәжіліс депутаттары Жанат Омарбекова мен Әмірхан Рахымжанов Amanat партиясы Семей филиалының мүшелерімен жүздесті.
Референдумға өңір халқы өте белсенді қатысты. Семей шаһары жақсы нәтиже көрсетті. Меніңше, биыл біз қолға алған заң жобаларының көп бөлігін аяқтаймыз. Бұл – үлкен жұмыс және міндет. Ел Президенті саясатының басты мақсаты – билікті халыққа беру, – деді Әмірхан Рахымжанов.
Ол қос облыстағы Ақсуат, Көкпекті, Катонқарағай аудандарын, Курчатов қаласын аралап шыққан. Тұрғындар айтқан ең басты мәселе – жол.
Жол жөндеу жұмыстары қолға алына бастады деп айтуға болады. Әлбетте, қалған уақыт ішінде 405 шақырым жолды жөндеу мүмкін емес. Майқапшағай жағынан Зайсанға, Көкпектіден Қалбатауға дейінгі жолдар да жасала бастады. Ақсуат ауданы шекарасынан Көкпектіге дейінгі жолдың сапасы сын көтермейді. Егер биыл кем дегенде 100 шақырым жол жөнделсе, жақсы болар еді, – деді депутат.
Жанат Омарбекова өз кезегінде Семей еліміздің мәдени және тарихи орталығы екенін атап өтті.
Біз мәдениет министрлігімен бірлесе қаланың көне ғимараттарын сақтау мәселесін көтеріп жатырмыз, өйткені Семей тарихи мұрасымен танымал. Президент өңірде туризмді дамыту керек екенін, әдемі әрі тарихи орындар көп екенін айтқан-ды. Ол үшін не істеліп жатыр? Семейліктер қалада қоқыс мәселесі барын айтып шағымдануда, тіпті саябақтар мен үйлердің маңы қоқысқа толы. Біз өзімізден бастап, балаларға үлгі-өнеге көрсетуіміз керек. Бізде проблемаларды шешуге қауқарлы бюджет бар, ол ашық болуы тиіс, – деді Жанат Омарбекова.
Ол жаңа Қазақстанды құру үшін әр тұрғыны өз үлесін қосуы тиіс екенін атап өтті.
Кездесуде депутаттарға сұрақтар қойылды. Amanat депутаттық фракциясының басшысы Әміржан Ахмеджанов жол жөндеу мәселесін ғана емес, осы жұмыстардың орындалу сапасын да көтерді.
Мен өзім халықаралық тасымалдаумен айналысамын. Бізде айналма жолдар көп. Тасымалдаушы компаниялар түрлі айналма жолдар жасауға мәжбүр. Жүк және жеңіл көліктер сол жолдарда дөңгелектерді тесіп жатады. Біз бұл мәселемен күнделікті бетпе-бет кездесеміз, – деді Әміржан Ахмеджанов.
Фракция басшысы тағы бір маңызды мәселені көтерді, ол – алаяқтар санының көбеюі, олар тіпті жеткілікті дәлел болмаса, сотта жеңіп жатады. Әмірхан Ахмеджанов Қылмыстық кодекстің 190-шы бабы бойынша жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.
Депутаттар Семейдің тарихи мұрасын сақтау және кәсіпорындарды білікті мамандармен қамту мәселелерін атап өтті, себебі жоғары оқу орындарын бітірген көптеген жергілікті мамандар қолдау шараларының жоқтығынан басқа жақтарға кетіп, өңірде жұмыс істегілері келмейді