Мәжілісмендер ҮЕҰ-ның қолдау орталығымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында Парламент Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Қанат Нұров, Дания Еспаева, Тілектес Адамбеков, Айгүл Құспан, Ирина Унжаковамен бейресми кездесу өтті, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тілепов ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жалпы азаматтық қоғамды дамыту саласында жетілдіру бойынша қандай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
Ол Парламенті Мәжілісіне волонтерлік және қайырымдылық қызмет, гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын енгізу жоспарлануда екендігін айтты.
Кездесу аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас орталықтың жұмысымен таныстырды.
Бүгінгі таңда орталық тоғыз бағыт бойынша 30 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобалар азаматтардың денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, жастар бастамаларын қолдауға, азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған, - деп түйіндеді Л.Диас.
Сонымен қатар ол гранттық қаржыландыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге, гранттық жобалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды енгізуге, жергілікті және халықаралық донорлық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа, оқыту және консультация беру арқылы ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталған орталықтың гранттан тыс қызметі туралы айтып берді
Мәжіліс депутаттары азаматтық бастамаларды қолдау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыда жетілдіру бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылған кезде, оның алдында, депутаттар үшін осындай форматта кездесуді ұйымдастыру керек, олар біз сияқты салаға үңіліп, терең түсіну тиіс, - деді депутат Дания Еспаева.
Б.Тілепов үкіметтік емес сектор тарапынан консультациялар, әдіснамалық көмек, түсіндірмелер алуға сұраныс — АБҚО негізінде Республикалық ҮЕҰ қолдау орталығын құруға себеп болғанын атап өтті.
Коворкинг орталық форматы азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан сұраныстарын тиімді және жедел шешуге ықпал етеді деп болжануда.