Мәжілісмендер қайғылы оқиғаларда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палата депутаттары атынан осы күндері болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Мәжіліс Бюросының отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Мәжілісмендер бұл күндері еліміздің бірқатар өңірінде орын алған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандарды еске алды.
Барлық Мәжіліс депутатныың атынан еліміздің бірқатар өңірінде орын алған қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Біз орны толмас қайғының бар азабы мен ащысына ортақпыз. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Жағдай басынан бастап Мемлекет басшысының бақылауында, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыға баратын 102 рейс тоқтатылды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы