Мәжілісмендер дәрігерлермен кездесті

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің бір топ депутаты Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Басты мақсат – Конституцияға өзгертулер енгізу мен референдумды өткізу бойынша түсіндіру жүргізу.

Халық қалаулылары үстіміздегі жылдың маусымына дейін қала-аудандарды аралап, референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. 

Елімізде референдум соңғы рет 27 жыл бұрын өткізілген. Бұған дейін өзгертулерді Парламент сессияларында екі палата өкілдері қабылдаған. Енді халық пікірі ескеріледі. Референдум әр қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды негізгі бес бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт – суперпрезиденттік модельден республикалық модельге көшу. Екінші бағыт – билік құрылымдарының жұмысын қайта құру. Үшінші блокқа парламент рөлін өзгерту және күшейті. Үшінші блок халықтың мемлекеттік басқаруға араласуға мүмкіндік беру. Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмдерін нығайту. Біз үшін әр адамның пікірі маңызды. Осылайша, біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын жүзеге асыруға атсалысамыз, - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким. 

Айта кетейік, Ата заңды өзгертуге байланысты жоспар жүзеге асса, Конституцияның 33-бабына 56 түзету енгізіледі.

Референдум - үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Болашақта Ата заңға өзгерту енгізу мемлекетімізге көптеген өзгеріс әкеледі. Мен жанұяммен бірге бірінші рет қатысамын, - дейді Павлодар кардиохирургиялық орталықтың дәрігері Думан Ізғұттинов.

Халық халаулылары алдағы уақытта ақпараттық жұмыстарын шалғайдағы елді мекендерде де жүргізбек. Сонымен қатар, облыстық штаб құрылып, тиісті шараларды қолға алмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы