Мәжіліске жаңа депутат келді
Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Серік Ерубаев – Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі. Бүгін жалпы отырыста ол Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
1 қазанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Серік Ерубаевқа “Ақ жол” демократиялық партиясы Мәжіліс депутатының мандаты мен белгісін тапсырды.
Серік Ерубаев - партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде доллар мен еуро арзандады
Өзгелердің жаңалығы