Мәжіліске жаңа депутат келді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус қатарына жаңадан қосылған депутат Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің төрағасы Ерлан Қошанов Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесов Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты болып тіркелгенін айтты.

Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп жаңа депутат Нұрсұлтан Байтілесов ант берді.

Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Экономикалық заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы