Мәжіліске Танашеваның орнына жаңа депутат келді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус қатарына қосылған жаңа депутат Асылбек Нұралин ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституциямызға сәйкес Парламентке келген жаңа депутат Қазақстан халқына ант береді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп жаңа депутат Асылбек Нұралин ант берді.

Ол Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді. 

Сондай-ақ ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжіліс
Өзгелердің жаңалығы