Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Парламенттің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды. 

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дәстүрлі түрде қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2021 жылдың қыр­күйегі мен 2022 жылғы 20 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар қазақ және орыс тілдерінде 6 номинация бойынша анықталады. Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, баспа жарияланым, интернет және радиоматериал, сонымен бірге, арнайы репортаж бен фото және        бей­не-сурет материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ, парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы үздік жасалған арнайы репортаж атап өтіледі.

Жеңімпаздарды құрамында депутаттар бар арнайы комиссия анықтайды.

Өтінімдерді 2022 жылдың 20 маусымына дейін Smimazh@parlam.kz эектрондық поштасына жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz/mazhilis ресми сайтынан немесе 74-68-44, 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы