Бүгiн 2026, 10:44 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысы.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың қандай заңдарды жұмысқа алғаны белгіле болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің салалық комитеттері: 

– Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының ескертпесі мен мәлімдемесін алып тастау туралы; 

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы; 

– Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады