Мәжіліс жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулермен келісті
Мәжіліс салыққа қатысты заңдарға Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
– Жаңа Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша заңға;
– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға;
– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға.
Еске салсақ, бұған дейін Сеннаттың жалпы отырысында жаңа Салық кодексі бірінші оқылымды мақұлданды. Алайда екінші оқылымға дайындау барысында құжатты Мәжіліске қайтарылған еді.