31 Мамыр 2023 2023, 10:19

Мәжіліс үш заң жобасын жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алғашқы жұмысқа қабылданған құжат - «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл хаттама Ресейдің мұнай өнімдерін ҚР-ға жеткізу кезінде уақытша мерзімді кедендік декларациялауды қолдан алып тастауға бағытталған.

Сонымен қатар заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева екі заң жұмысын жұмысқа қабылдауға дайын екенін айтты.

Олар:
- «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы; 
- «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы.