Мәжіліс цифрландыру саласына қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын қабылдады.
Депутат Жұлдыз Сүлейменова халықтың ақпаратқа қолжетімділігін тең негізде қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар концептуалды бастамаға тоқталып өтті.
Ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқарту мақсатында ауылдық елді мекендерде халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуінің цифрлық нүктелері ашылады. Бұл көптен күткен және өте қажет бастама. Себебі, смартфон бола бермейді, болған күнде смартфон арқылы құжат рәсімдеу қиын. Кейде өтініш беру процедуралары күрделі, - деді мәжілісмен.
Сонымен қатар электр инфрақұрылым тіректерінде оптикалық-талшықты байланыс желілерін әуе арқылы тартуға байланысты депутаттардың бастамасы. Бұл бастаманы барлық мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған. Осы норманың қабылдануы арзан әрі жылдам әуе байланыс желілері арқылы шалғай ауылдарға Интернет қосылуына мүмкіндік береді.
Заң жобасында мемлекеттік қызметтерге қолжетімдік өсті. Яғни қандай да бір қызметті көрсетуге өтінімді енді таяудағы цифрлық нысанда беруге болады. Одан бөлек, заң жобасында электронды құжаттың қағаз құжаттармен тең мәні көзделетін түзетулер енгізілді. Мысалы, азаматтардың бірнеше ай бойы жинақтайтын көптеген қағаз анықтамаларының процестері автоматтандырылады. Енді көк мөрлері бар Қағаз құжаттарға кезекте тұрудың қажеті жоқ, - дейді Сүлейменова.
Сонымен қатар заң жобасы электронды құжаттың мәртебесін бекітеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы куәліктер мен анықтамаларды электронды форматқа көшіру көзделді. Енді өзіңізбен бірге түпнұсқаларды алып жүрудің қажеті жоқ, смартфонға және e-gov кіру арқылы QR-коды бар электронды түріне қолжетімді.
Парламент Мәжілісі депутаты цифрлық саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты заң жобасын мақұлдап, тиісті қаулыны шығарды.