Мәжіліс төрағасы Ораза айт мейрамымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Ардақты ағайын!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы мейрамның күллі мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше.

Қасиетті Рамазан айына жалғасқан жарқын мереке ізгілік пен мейірімділікке, адамгершілік пен қайырымдылыққа үндейді.

Бұл күндері жұртшылық бір-біріне жанашырлық танытып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Адамдар жақсы істерге ұйтқы болып, рухани құндылықтарды дәріптейді.

Сондықтан айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айы мен Ораза айттың тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор.

Осынау шуақты мерекеде баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Айт қабыл болсын! – деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы