Мәжіліс төрағасы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасымен кездесті

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астана халықаралық форумы аясында Қазақстанға келген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Маргарета Седерфелтпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың негізгі міндеттерін шешуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол Маргарета Седерфельтке Астана форумындағы мазмұнды баяндамасы үшін және жақында өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысқаны үшін алғысын білдірді.

ЕҚЫҰ ПА басшысы өз кезегінде қазақстандық депутаттарға Ассамблея қызметіне белсенді қатысып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Маргарета Седерфельт Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістерге де назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: mazhilis_kz
Өзгелердің жаңалығы