Мәжіліс тағы бірнеше заңды жұмысқа алды
Мәжіліс депутаттар бірнеше заңды жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, бұл заң жобасы дебюрократизация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жалғасы.
Заң жобасы ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және мұрағат салаларындағы нормаларындағы шамадан тыс заңнамалық реттелуін болдырмауға бағытталып отыр. Бірқатар құзыреттілікті заңнан алып, оны министрліктің өз жарғысымен реттеу ұсынылып отыр, - деп Аймағамбетов комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар Мәжіліс тағы бірнеше заң жобасын жұмысқа алды.
Олар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде;
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.