Мәжіліс спортқа қатысты заң жобасын жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спортты дамытуға қатысты заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды әзірлейді.

Депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасына қандай нормалар енгізілетінін түсіндіріп берді.

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының спорт саласын дамыту бойынша берген тапсырмаларының аясында әзірленген.

Заң жобасында үш бағыт бойынша нормалар қарастырылып отыр. Бірінші – туризм, екінші – ойын бизнесі. Бұл екі бағыт бойынша жаңа нормалар жоқ деуге де болады. Мұнда ұсынылып отырған нормалар дебюрократизацияға қатысты. Ал үшінші бағыт – спорт. Оны дамыту бойынша жаңа ұсыныстар енгізіліп отыр. Ең бастысы мұнда спортты қаржыландыру мәселелері бойынша бірізділікті, жүйелікті қалыптастыруға қатысты ұсыныстар бар, - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары заң жобасы бойынша қаулыға дауыс беріп, оны жұмысқа алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы