Мәжіліс сайлауы: Партия арасында пікірсайыс өтіп жатыр

Мәжіліс сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдерінің арасында пікірсайыс өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Пікірсайыс 4 кезеңнен тұрады. 1-кезеңге жалпы 14 минут берілген. Осы уақыт ішінде әр партия өкілі ортақ сұраққа жауап береді.

Дебатқа «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, Respublica партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысып жатыр.

Айта кетейік, елімізде кезектен тыс сайлау 2023 жылдың 19 қаңтарда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы