Мәжіліс референдумға қатысты заңды Сенатқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.

Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланылатын бюллетеньнің нысанын сайлауда қолданылатын сайлау бюллетенінің нысанымен біріздендіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Заң жобасында республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерді толтыруға қойылатын талаптарды регламенттейтін ережелер қамтылған. Көзделген өзгерістер мен толықтыру дауыс беру рәсімін оңайлатуға мүмкіндік береді және азаматтардың еркін білдіруіне қолайлы жағдай жасайды, - деді депутат.

Оның сөзінше, заң жобасы жұмыс тобы мен бас комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды.

Мәжіліс депутаттары осы заң жобасын жалпы отырыста талқылап болғаннан кейін, оны Парламент Сенатының қарауына жіберу ұсынысын қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы