Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестицияны қорғауды ратификациялау туралы заң қабылдады
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Келісім соғыс және өзге де қарулы қақтығыстардың салдарының зияны мен шығынын компенсациялау, сондай-ақ ұлттандыру мен экспроприация кезінде төлім тәртібін бекітеді. Одан басқа, инвестициялық дауларды реттеу тәртібі жіті бекітіледі, - деп атап өтті мәжілісмен Айгүл Құспан.
Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко құжат инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін инвесторлардың кепілдік құқығын нығайту жолымен әріптестік үшін құқықтық шеңберді құруды қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар инвестициялық климаты жақсарту мен мемлекеттер арасында өзара тиімді сауда-экономикалық әріптестікті әрі қарай дамытуға жол ашады.
Вице-министрдің айтуынша, биыл 9 айдағы екі ел арасындағы тауар айнаылмы 558 млн долларды құраған. Бірінші жартыжылдықтағы инвестиция ағыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда екі есеге ұлғайып, 127 млн долларға жеткен. 2005 жылдан бүгінгі таңға дейін БАӘ-нен тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 2,9 млрд долларға тең болды.
1 қазанда елімізде БАӘ капиталының қатысуымен 371 заңды тұлға тіркелген. Іске асыру сатысында 5,3 млрд долларға 28 жоба бар.