Мәжіліс қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасын мақұлдады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің сөзінше, заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңның 11-бабына сәйкес әзірленген.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында жасалған халықаралық шарт және үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдануды көздейді. Қазақстанда қауіпті қалдықтарды әкелу-әкету және транзитін реттеу конвенциясы және Экологиялық Кодекс негізінде жүргізіліп келеді. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге қатысты лицензиялық тәртіп қолданылып, лицензия беруді министрлік рұқсат етілген тауарлар тізбесін басшылыққа ала отырып 2019 жылдан бастаған, - деп айтты министр.
Айтуынша, жеке тұлғаларға қалдықтарды трансшекаралық өткізуіне тыйым салынады.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында қауіпті қалдықтарды бірыңғай тәртібін белгілеп, қауіпті қалдықтарды экологиялық технологияларға сай жоюға және қайта өңдеуг, қоршаған ортаны сақтауға септігін тигізеді. Осы шартты қабылдаған мемлекеттер ішкі заңнамаға сәйкес қауіпті қалдықтардың трансшекаралық бақылауын күшейтіп, көму және залалсыздандыру үшін трансшекаралық тасымалдауына жол бермейді, - деді Брекешев Мәжілісте.