Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста қайтыс болған Глеб Щегельскийді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ол Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды.
Глеб Анатольевич Мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитетін басқара отырып, өзінің күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліміз бен халқымызды игілігіне бағыттаған еді. Ол осы жылдары Үкіметпен де белсенді жұмыс істеді. Осы орайда жаңа экологиялық кодекстің жобасы бойынша елеулі қызмет етті,- деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында кенеттен қайтыс болды.Ол 1969 жылы Целиноград облысының Степногорск қаласында туған. 2012 жылдан бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. Төменгі палатаның қаржы және бюджет комитеті мүшесі. 2016 жылы алтыншы сайланған Мәжіліс депутаты атанған ол экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы болды.
Жалпы отырыстың басында депутаттар Глеб Щегельскийді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар жауып, 13 градусқа дейін суытады
Өзгелердің жаңалығы